Ақтөбеде сот медиация арқылы 130 миллион теңгеден астам соманың дауын реттеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты екі ЖШС арасындағы  129 796 836 теңге берешекті және  12 900 000 теңге өкілдік шығындарды өндіріп алу туралы дауды қарады.

Талапкер мен жауапкер арасында 2017 жылдан бері тау-кен – шахталық жабдықты жөндеу және беру жөнінде шарттық қатынастар орын алған болатын. Дау бір ЖШС-тың берешекті дер уақытында төлемегенінен туындаған, осыған байланысты талапкер бұзылған құқығының қорғалуы үшін сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

Сот істі қарау барысында жанжалдасушы тараптардың диалогқа келуі үшін жағдайлар жасау және серіктестік қатынастарды қалпына келтіру мақсатында дауды медиация тәртібімен реттеудің жолын, оның салдары мен артықшылықтарын оларға жақсылап түсіндірді. Соның нәтижесінде тараптар ымыраға келіп, медиативтік келісім жасасты.

Сот тараптар ұсынған медиативтік келісімді бекітті, соған сәйкес талапкер қойған талаптарынан бас тартты, ал жауапкер талапкерге 129 796 836 теңге берешекті және  12 900 000 теңге өкілдік шығындарды алты траншпен төлеп берді.

Сөйтіп азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Төленген 3 893 905  теңге  мемлекеттік баж талапкерге қайтарылды.

Соттың ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Осылайша, тараптар ұзаққа созылатын сот талқылауынан құтылып, өздерінің іскерлік қатынастарын сақтап қалуға қол жеткізді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі