Ақтөбеде сот екі қылмыстық іс бойынша шамамен 150 миллион теңгені өндіріп алу туралы бітімгершілік келісімді мақұлдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бір аптаның ішінде Ақтөбе облысының МАЭС сан миллиондаған қаражатты: мердігерлік жұмыстарды орындау үшін жасалған шарт бойынша 92 011 935 теңге берешекті және  шарттың тауар жеткізу  талаптары бойынша 54 695 840 теңге қарызды өндіріп алу туралы екі бітімгершілік  келісімді мақұлдады.

Татуласу рәсімін жүргізу кезінде судья тараптардың бітімгершілік келісім жасасуларына қолжеткізе алды, оның шарттары бойынша талапкерлер жауапкерге қойылған талаптардан бас тартады, ал соңғысы өз кезегінде қарызды төлеуге байланысты бірқатар міндеттемелерді өз мойнына алады.

Осылайша, сот кәсіпкерлерді татуластырып, талапкерлерге жалпы сомасы 4 539 475 теңге төленген мемлекеттік бажды қайтарып берді.

Азаматтық іс жүргізу тоқтатылады.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі