Ақтөбеде 150 миллионнан астам теңгеге кәсіпкерлердің дауы татуласумен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына ЖШС екінші ЖШС-дан 156 691 490 теңгені өндіру туралы талаппен жүгінді.

Істің материалдарынан шығатыны, серіктестіктер арасында 530 миллионнан астам теңгеге жұмыстарды орындау бойынша мердігерлік шарт жасалынған. Бірақ жауапкер өз міндеттемелерін толық көлемде орындаған талапкерге осы қаражаттың бір бөлігін ғана төлеген. Осыған байланысты, талапкер сотқа жауапкерден 142 446 809 теңге негізгі берешекті, 9 971 277 теңге тұрақсыздық айыбын және 4 273 404 теңге төленген мемлекеттік бажды өндіру туралы талаппен жүгінді.

Дауды сотқа дейінгі реттеу барысында судья тараптарға екі тараптың мүдделерін қорғайтын, жағдайда бес жұмыс күні ішінде дауды аяқтау, талапты қамтамасыз етуді жою, достық қатынасты сақтау және талапкерге төленген мемлекеттік бажды қайтару сияқты татуластыру рәсімінің басымдықтары туралы түсіндірді. Нәтижесінде, тараптар мынадай жағдайларда бітімгершілік келісімге келді: жауапкер барлық берешекті өтеуге, ал талапкер өз кезегінде - 9 971 277 өсімпұлды өндіру туралы талаптан бас тартуға міндеттенді. 

Соттың ұйғарымымен іс бойынша іс жүргізу бітімгершілік келісімді бекітумен тоқтатылды.

Талапкерге 4 273 404 теңге төленген мемлекеттік баж қайтарылды.

Татуласу кәсіпкерлерге өз дауларын жылдам, үнемді және өзара тиімді жағдайда шешуге мүмкіндік берді.

 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі