Жол-көлік оқиғасында анасынан айырылған Қостанай тұрғыны сотта көлік жүргізушісімен бітімгершілікке келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Жол-көлік оқиғасы салдарынан анасы қаза тапқан Қостанай тұрғыны маршруттық автобус жүргізушісін жазалау үшін азаматтық тәртіпте сотқа жүгінген.

Жолдан өтпек болған 78 жастағы зейнеткерді автобус соғып, ол жарақат салдарынан ауруханада қаза тапқан. Жүргізушінің кінәсі өз дәлелін таппай, оқиға бойынша қылмыстық іс оның әрекетінде қылмыстық іс құрамы болмауына орай тоқтатылған. Алайда, азаматша соттан әлеуметтік әділеттілік үшін жүргізушіден моральдық залал өніруді сұраған.

Ағымдағы жылдың 4 қаңтарында орын алған қайғылы оқиғадан тоғыз ай бұрын жұбайы қаза болған азаматша үшін бір жылда екі жақын адамынан айырылу үлкен соққы болған.  Денсаулығына нұқсан келген. Қолында бірі студент, бірі мектеп оқушысы болып табылатын екі бала қалған. Анасы өзіне сүйеу болып, моральдық әрі материалдық көмек көрсетіп тұрған екен.

Істің сотта қаралуы барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы тілек білдірген. Нәтижесінде, тараптар медиативтік келісімін бекітіп, оның шарттары бойынша жауапкер 2018 жылдың 15 қаңтарына дейін 500 мың теңге моральдық залалды өтеу міндетін алды. Ал талапкер жауапкерге қойған талаптарынан бас тартады.

Азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар