Жоғарғы Соттың Төрағасы азаматтардың кезекті қабылдауын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәми азаматтарға жеке қабылдау өткізді. Республика бойынша 7 адам қабылданды.

Жүгінгендердің көбісі жергілікті соттардың шығарған сот шешімдерімен келіспейтіндіктерін жеткізді. Осы азаматтарға сотта іс жүргізу заңнамаларына сәйкес, жоғары сот сатыларына сот шешімдеріне шағым келтіру құқықтары мен шағым келтіру тәртібі түсіндірілді.

Жоғарғы Сот Төрағасының қабылдауында болғандардың барлығы өз сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі