VІІ судьялар съезінің Ақмола облысы бойынша делегаттары еңбек ардагерлерінің аманат сөздерін алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Судьялардың VІІ съезі қарсаңында Ақмола облысының делегаттары облыс қоғаммен кездесіп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында сот жүйесінің алдына қойылған мақсаттардың, сот жүйесіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру және өткен алтыншы съезі шешімдерінің орындалуы туралы талқылады.

М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапхананың оқу залында Ақмола облысынан Қазақстан  Республикасы судьяларының VІІ съезінің делегаттары, сот жүйесінің ардагерлері, облыстық әкімдік, ішкі саясат басқармасы, үкіметтік емес ұйымдар, прокуратура, ҰҚК-і, ІІД-і ардагерлер ұйымдарының төрағалары, облыстық және Көкшетау қаласының мәдени орталықтары, ЖОО-ы және БАҚ өкілдері жиналды.

Съезд делегаттары жұртшылыққа Қазақстан Республикасы  судьяларының VII съезі қарсаңында cот жүйесін жетілдіру жөнінде Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен алдында өткен алтыншы съезд тапсырмаларының орындалуы  жайлы айтып өтті.

Кездесуге Ақмола облысы судьялар корпусынан VІІ съезінің 11 делегаты қатысты. Олар, Ақмола облыстық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Ж.Бердығұлова, ҚР судьялар Одағы Ақмола филиалының төрағасы Б.Баймырзин, облыстық сот судьялары А.Есенеева, Б.Оспанова, С.Рахметова, Көкшетау қалалық сотының төрағасы М.Көшікбаев, отставкадағы судьялар М.Ғибаділов, Т.Қасымов және Ғ.Сыздықова.

Іс шарада және ҚР Судьялар Одағы филиалының төрағасы Б.Баймырзин баяндамалар жасады. 

Баяндамашылар, судьялар съезі сот қоғамдастығының басты форумы болып табылатындығы және VII съезд Қазақстан сот жүйесінің дамуын әрі жалғастыруына стратегиялық маңыз болатындығын атап өтті.

«Қазақстан Республикасы Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында және өткен алтыншы съезде сот жүйесі алдына қойылған міндеттер мен мақсаттар толық орындалды деп сеніммен айтуға болады» - деді облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Е.Жанәділов.

«Сот ісін жүргізу және сот жүйесін оңтайландыру шаралары қабылданды. Судьялар алдағы кезектен тыс өтетін VII съезінде сот жүйесінің ілгері табыстарын нығайтатын және жаңа деңгейге көтеретін жаңа міндеттер талқыланады», - деп алқа төрағасы атап өтті.  

Судьялар Одағы филиалының төрағасы Б.Баймырзин, съезде жұмыс істеп жүрген және отставкадағы судьяның мiнез-құлқының негiзгi әдеп стандарттарын белгілейтін судьялардың жаңа Әдеп кодексі қабылданатындығына, яғни өзгерістер енгізілетіндігіне толық тоқталып өтті.

Кездесуге қатысушылар судьялардың баяндамаларын зейін қойып тыңдап, облыстық сот жанында соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестің құрылуына, сот жұмысында «Сот кабинеті», аудио-бейне тіркеу және басқа да электронды технологиялардың сот өндірісінде қолданылуы туралы, олардың сот жүйесіне оң өзгерістер енгізгендігі туралы атап өтті. 

Судьяларға еңбек ардагерлері заң үстемдігін нығайтуды, сот жүйесінің ашықтығын, азаматтардың сотқа деген сенімі мен сот билігі имиджін көтеруді аманат етті.

Кездесуге қатысшылар делегаттарға алдағы уақытта табыс тілей отыра, съезд жұмысының нәтижелері бойынша кейін олармен кездесуге ниет білдірді. 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі