Түркияда құқықтану бойынша халықаралық конгресте Қазақстанның делегациясы қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылғы 17-19 қазанда Стамбул қаласында (Түркия) құқықтану бойынша халықаралық конгресс өтті. Конгрестің ашылу салтанатында Түркия Президенті Р.Т.Эрдоган, Түркиянің әділет министрі Бекир Боздаг, Әзірбайжанның әділет министрі Фикрет Маммадов, Ауғаныстанның  әділет министрі Басир Хайдари, Сомалидің әділет министрі Абдуллахи Ахмед Жама сөз сөйледі.

 Конгреске 47 елден 201 адам, оның ішінде  Конституциялық Кеңестердің төрағалары мен мүшелері, Прокуратуралар, Соттар, Адвокатуралар, Әділет Академияларының басшылары, мемлекеттік органдардың, академиялық және бизнес ортасының өкілдері қатысты.

Конгресс шеңберінде 21 отырыс өткізілді, олар қылмыстық құқық, халықаралық құқық, халықаралық төрелік соты, медиация, инвестицияны қорғау және ынталандыру, сот процестерін жеделдету және судьялардың біліктіліктерін арттыру, тиімді тергеу өткізу, екітарапты және көптарапты халықаралық шарттар, халықаралық тендерлерде бәсекелестік, омбудсменділік, қоныс аударушылардың құқықтық проблемалары, жәбірленушілердің құқықтары, қылмыстық іс жүргізудегі делдалдық және т.б. тақырыптарының  жиынтықтарын қамтыды.

Конституциялық Кеңес Төрағасы И.Рогов, Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы А.Смолин, Астана қаласы Алматы ауданының аудандық сотының төрағасы Ғ.Нәсірдінов, Жоғарғы Сот жаныныдағы Сот төрелігі академиясының ректоры М.Бейбітов баяндама жасады.

Конгресс қорытындысы бойынша, лаңкестіктің барлық ел үшін ең алдыңғы қауіп болып табылатыны аталып өтті, лаңкестікке қарсы тұру халықаралық ынтымақтастықты талап етеді, лаңкестікпен күресті жүргізу азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шегінде жүзеге асырылуы тиіс.

Барлық елде сот және құқық қорғау органдары араларында мынадай қылмыстар түрлеріне лаңкестікті, киберқылмысты (ақпараттық технологиялар саласындағы қылмысты) қаржыландыруға,  есірткі заттары саудасына, адам саудасына қарсы іс-қимыл жасауда ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ  халықаралық ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресті үйлестіруді күшейту ұсынылды. 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі