Талапкерге мемлекеттік баж қайтарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот медиациясы пилоттық жобасының аясында Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотында талапкер «RETRO PRIME» ЖШС-нің жауапкер DK «Экспорт» ЖШС-нен және азамат Д.Байкенжеевтен 85 837 475 теңге мөлшеріндегі негізгі қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды. Істі қарау барысында, яғни 2014 жылдың 28 шілде күні тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы тілек білдіріп, сол күні судья-медиатор М.Бекназаровтың қатысуымен тараптар медиация тәртібімен келісімге келді.

Судья Б.Қарабаев дауды сот медиациясы тәртібінде реттеу туралы бітімгершілік келісімді бекіту және азаматтық істің қысқартылғаны туралы ұйғарым шығарды. Талапкердің 2 575 125 теңге көлемінде мемлекеттік бажы өзіне қайтарылды.

Қайнар: 
Онтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі