Талапкерге мемлекеттік баж қайтарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотында талапкер «Asia Invest Industries» ЖШС-нің жауапкер DK «Экспорт» ЖШС-нен және азамат Д.Б.-дан 64 166 234 теңге мөлшеріндегі қарыз соманы өндіру туралы азаматтық іс сот медиациясы тәртібімен қаралды.                                            

Істі қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы ұсыныс білдірді. Осыған байланысты, судья-медиатор М.Бекназаровтың қатысуымен тараптар медиация тәртібімен келісімге келіп, судья Ғ.Байарыстан дауды сот медиациясы тәртібінде реттеу туралы бітімгершілік келісімді бекіту және азаматтық істің қысқартылғаны туралы ұйғарым шығарып, талапкерге мемлекеттік баж салығына төлеген 1 924 987 теңге қаражаты қайтарылды.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі