Сот талапкердің бұрынғы лауазымға орналасу құқығын қалпына келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының №2 Алмалы аудандық сотында Р.Қожахметтің «СИНОПЭК Қазақстан Халықаралық Мұнай Қызмет Көрсету» ЖШС-не жұмысқа қайта орналасу, бұйрықты заңсыз деп тану, еңбек ақы, моральдық залал өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Азаматтық істің материалдарына сәйкес, талапкер сотқа өз еңбек құқықтарын қорғау мақсатында жүгінген. Ол өз талап арызында аталған ЖШС-ден заңсыз шығарылғанын мәлімдеген.

Сот азаматтық істі қарап, талапкердің талап арызын ішінара қанағаттандырды. Атап айтқанда, сот талапкерді өз жұмысына қайта орналастыру құқығын қалпына келтіріп, жұмыстан шығару туралы бұйрықты заңсыз деп танып, талапкердің пайдасына шарасыз бос жүрген уақытына еңбек ақы өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі