Солтүстік Қазақстан облыстық сотында сот жүйесіне арналған кадрларды қалыптастыруға арналған жоба іске асырыла бастады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жобаны іске асыруды облыстық сот пен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті қолға алды. Жоба магистранттар мен жоғары оқу орындары студенттерінің өңір соттарында практикадан өтуіне бағытталған. Бұл, сайып келгенде, жобаға қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттырып, сот жүйесі үшін кәсіби кадрлық резервті қалыптастыруға мүмкіндік береді деп есептейді ұйымдастырушылар.

Облыстық сот магистранттармен және жобаға әрі судья кәсібіне қызығушылық білдірген студенттермен кездесу өткізді.

Облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов қатысушыларға жобаның мақсаты туралы айтып, оның судья боламын деп талпынып жүрген білікті әрі құзыретті заңгерлерді дайындауда үлкен рөл атқаратынына тоқталды. Ол осы жобаның «Жастар жылы» деп жарияланған 2019 жылы іске асырыла бастағанына назар аударды.

Жоба студенттердің бойында судья кәсібіне деген қызығушылықты қалыпастыруда оң нәтиже беріп отыр.

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі