Әскери сот төрағасы азаматтарды онлайн-форматта қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ҚР Әскери сотының төрағасы Сәкен Абдуллаев Ақтөбе гарнизонының әскери қызметшілерін онлайн-форматында қабылдады.

Сол күні Ақтөбе гарнизонының әскери сотына бейнебайланыс режимінде өз сұрақтарын қою мақсатымен гарнизонның әскери бөлімдері мен мекемелерінен 25 әскери қызметші келді.

Қойылған сұрақтардың тақырыбы кең – тұрғын үй және еңбек қатынастары, сот құрылысы бағытындағы жаңа енгізулер мен өзгерістер, әскери соттардың құрылымы, ерекшеліктері мен соттылығы туралы.

Төраға қойылған сұрақтарға толықтай жауап беріп, жаңа Азаматтық процессуалдық және Қылмыстық процессуалдық кодекстардың қағидалары, апелляциялық және кассациялық соттарда сот шешімдеріне шағым беру ерекшеліктері бойынша  және тергеу судьясы ұғымына түсініктеме берді.

Сондай-ақ, сот жүйесіне деген сенімді арттыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда рөлін күшейтуге ерекше көңіл бөлінгеніне, электрондық сот ісін жүргізуді дамыту, оның ашықтығы мен қолжетімділік деңгейін арттыру бойынша қабылданған шараларға тоқталды.

Кездесуді қорытындылай келе, сот төрағасы ҚР Әскери сотының ресми сайтында «Төраға блогы» жұмыс істейтін бөлім арқылы әрбір ниет білдірген азамат қызықтырған сұрақтарын қойып, жедел түрде жауап ала алатынын атап өтті.

Жиын соңында қатысушылар сот төрағасына жеке сұрақ қою мүмкіндігіне алғыстарын білдіріп, осындай шаралардың бұдан әрі жалғасуына тілек білдірді.

Қазақстан Республикасының Әскери сотында азаматтарды бейнебайланыс режимінде қабылдау кеңінен қолданылып келеді. Бұл республикамыздың өңірлерінде тұратын азаматтарды қабылдау мүмкіндігімен қамтамасыз етудің бір түрі.

Гарнизондық әскери соттар жұмысының ерекшелігіне байланысты республикамыздың әр бір аумағында орналасқан, және де облыстық деңгейдегі сот – ҚР Әскери соты елордасы Астана қаласында орналасқандықтан, әскери қызметшілердің немесе басқа азаматтардың Әскери сот төрағасының жеке қабылдауына келіп, өздерінің сұрақтарын қою мүмкіндіктері болмайды.

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі