Шиелі аудандық сотында жаңа кодекстер талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысы Шиелі аудандық сотында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстерін талқылауға арналған дөңгелек үстел  өтті. 

Іс-шараға Шиелі аудандық сотының төрағасы М.Ж.Еркінбеков, аудандық  соттың  судьялары А.Түбекбаева, Г.Құрманбай және Шиелі аудандық  прокуратурасының,  адвокатурасының,  ішкі  істер,  қылмыстық- атқару органдарының, салық басқармасының  өкілдері  қатысты.

Бас  қосуда  аудандық  сот  төрағасы  М.Еркінбеков қолданысқа енетін заңдарды салыстыра отырып, жаңа заңнамада кейбір қылмыстар  үшін  тағайындалатын  жазалар  жеңілдетілсе,  кейбір  аса ауыр қылмыстар бұрынғыдан да қатаңдатылғанын атап өтті.

Жаңадан қабылданған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің талаптарымен таныстырған аудандық сот судьясы Ә.Түбекбаева әкімшілік қамауға алу мерзімінің 45 тәуліктен 30 тәулікке дейін азайтылғанын, жүкті немесе 14 жасқа дейінгі баласы бар әйелдің әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықтың жеңілдетілгенін атады.  

Қатысушылар енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды кеңінен талқылады және заңнамаға енгізілген өзгерістерді  түсіндіру  жұмыстарын  алдағы уақытта да жалғастыру туралы шешімге келді.

Источник: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі