Щучинск қаласында көше Қанай би деп аталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Щучинск қаласында қала көшелерінің біріне еліміздің 18-ші ғасырдағы қоғам және мемлекет қайраткері Қанай бидің есімін беруге арналған салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатқа аудан тұрғындары, Ақмола облыстық сотының, әкімдіктердің, мәслихаттардың, бизнес құрылымдарының өкілдері, құқық қорғау органдарының, прокуратураның, мемлекеттік органдардың басшылары, жергілікті еңбек және сот ардагерлері, Қанай бидің ұрпақтары қатысты. Осы іс-шара облыстағы айтулы оқиғалардың бірі болды.

Салтанатты іс-шарада Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев, Қанай бидің ұрпақтары, облыс ардагерлері кеңесінің орынбасары Амангелді Ақынов, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің проректоры Аманбай Сейітқасымов, Щучинск қаласының құрметті азаматы Әліби Ғазиз және Ермек Даутов құттықтау сөз сөйледі. Қанай бидің ұрпақтары сот органдарына олардың жұмыстары үшін алғыс білдіріп, студенттерге билердің шешендік өнерін үйренуге кеңес берді.

Сөз сөйлеген облыстық соттың төрағасы Досжан Әміров жас буын халықты біріктіруге және мемлекетті қорғауға көп күш-жігер жұмсаған қазақ халқының көрнекті қайраткерлерін біліп, құрметтеуі керектігін атап өтті. «Билер соты тек қазақ халқында ғана бар. Әділ билердің шешімдері әлеуметтік дамуға қызмет етті. Қазақ қоғамының тарихында би әрқашан халықтың атынан сөйлейтін және халықтың қолдаушысы болған», - деді       Д. Әміров. Ол судьялар қоғамдастығы мен жергілікті атқарушы органдардың облыста кенттер мен көшелерді қайта атауға қосқан үлесін атап өтті.

Іс-шара мерекелік шашумен және қала тұрғындарына арналған концерттік бағдарламамен жалғасты.

Қанай Құттымбетұлы - би, шешен, батыр, Абылай ханның бас кеңесшісі. Ақмола облысының Зеренді ауданында дүниеге келген. Он сегізінші ғасырда орта жүз қазақтарының танымал басшыларының бірі болған, елімізді шетелдік басқыншылардан қорғау жолындағы ұлт-азаттық қозғалысқа белсене қатысып, жоңғарларды қазақ жерінен қуып шығаруға үлкен үлес қосқан ірі қолбасшы.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі