Семей қалалық соты өтініш білдірушінің арнайы қоныстандыруда анасымен бірге болғандығы туралы заңды фактіні анықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қалалық сотына Л.Ленская арнайы қоныстандыруда анасымен бірге  болғандығы туралы фактіні растау туралы өнішпен жүгінді.

Сотта оның 1930 жылы туған анасы Ю.Ленская 1941 жылы  неміс ұлты ретінде құқыққа қайшы жолмен зорлықпен Краснодар өңірінен Қазақ КСР-ға жер аударылғандығы анықталды. Ол бір жыл бойы анасымен бірге жер аударылған орында бірге тұрған. Қазіргі таңда өтініш иесі саяси репрессиядан зардап шеккен тұлға ретінде заңмен көрсетілген жеңілдіктерді пайдалану үшін орынсыз тағылған айыпты жоққа шығартып, сот арқылы құқығын қайтарып алғысы келеді. 

Қазақстан Републикасының 1993 жылдың 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Заңының 1 және 2-баптарының нормаларында мемлекеттік органдар немесе олардың өкілдері болып саналатын лауазымдық адамдары саяси себептер бойынша қолға алынатын жер аударту түріндегі шаралар саяси репрессия деп танылды. Саяси репрессиядан зардап шеккендер қатарына аталмыш Заңда жер аудару, жөнелту немесе арнайы қоныстандыруға ұшыраған саяси қуғын-сүргiн құрбандарының бас бостандығынан айырылған орындарда бірге болған балалары жатады. Осылайша, қуғын-сүргін салдарынан бұзылған саяси-әлеуметтік және азаматтық құқықтарын қайта қалпына келтірумен тікелей байланысты болғандықтан, өтініш білдіруші үшін аталмыш фактінің анықталуы заңды мәнге ие.

Сот шешімімен  Л.Ленскаяның арнайы қоныстандыруда анасымен бірге  болғандығы туралы фактіні растау туралы өтініші қанағаттандырылды.

Шешім  заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі