Павлодар облыстық сотының төрағасы интернет-конференцияны өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық сотының төрағасы Мұхтар Смағұлов сот қызметі туралы халықтың ақпараттандыруын көтеру мақсатында өңір тұрғындарымен кезекті интернет-конференция өткізді.

Облыс тұрғындары өткізілетін шара туралы алдын ала облыстық соттың ресми сайты және «Facebook» интернет-порталы арқылы хабардар етілді.

Интернет-конференцияға қатысқан азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдері Павлодар облыстық сотының ресми-сайтындағы төраға блогына кіріп, «Сұрақ-жауап» айдарына өздерін толғандырған мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін жолдады.

Түскен сұрақтарға сәйкес, азаматтарды толғандырған сұрақтар олар сотта қандай ақпараттық технологиялар қолданылатыны, медиация тәртібінде реттеуге жататын даулар және олардың  мақсаты, нақты істер бойынша әкімшілік айыппұлды төлеу тәртібі.

Барлық түскен сұрақтарға сот төрағасының жауаптары сол күні облыстық соттың интернет-ресурсында жарияланды.

Источник: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі