Павлодар облыстық сотында сот төрелігін іске асыру бойынша отырыс өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық сотында ағымдағы жылдың 9 айына облыс соттарының жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген пленарлық отырыс өтті.

Іс-шараға Павлодар облыстық сотының төрағасы М.Смағұлов, облыстық соты алқасының төрағалары, Павлодар облыстық соттың судьялары, «Павлодар облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ-нің басшысы және оның орынбасары, облыс соттарының аудандық және оған теңестірілген соттарының төрағалары, облыс орталықтарында орналасқан соттардың судьялары қатысты.

Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот алқасының төрағасы А.Күзеков 2015 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда іс жүргізумен аяқталған істердің өсімін белгілеп өтті. Қысқартылған іс жүргізу тәртібінде қаралған істер санының өсімі байқалды – 4551 іс (2015 жылы – 3 333 істер). Облыс соттарымен медиация тәртібінде келісім жасауына байланысты 731 іс бойынша іс жүргізу қысқартылды, татуластыру келісім жасауына байланысты 327 іс, партисипативтік рәсімі тәртібінде дауларды реттеу бойынша 9 келісім қабылданды.

Апелляциялық тәртіпте қаралған істер мен материалдардың саны 7,6% азайды.

Апелляциялық тәртіпте өзгертілген және күші жойылған шешімдердің ортақ саны өткен жылдың тақылеттес кезеңімен салыстырғанда 95 іске қысқартылды.

Қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасымен соттар бір тұтас жасалған қылмыс ауырлығына сәйкес жаза тағайындалатынын, сонымен бірге сотталушыларға баламалы шара жазасын қолдануда ұлғайту тенденциясы сақталатынын жеткізді. Медиация тәртібінде қаралған істердің нақты көрсеткішінің 2,3 есе өскені байқалды (2015 жылы 152 іс 356 іске үлес). 2,6 %-ға жазалау практикасы төмендеді.

Отырыс барысында БАҚ бойынша үйлестіруші-судья А.Тоғымбетова ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша соттардың жұмысы туралы және соттар Әкімшісі басшысының орынбасары Г.Темірова іс қағаздарын жүргізу бойынша соттардың жұмысы туралы баяндады.

Кеңейтілген отырыс нәтижесі бойынша облыстық соттың төрағасы М.Смағұлов судьялардың назарын сот төрелігін іске асыру сапасын жақсарту қажеттілігіне аударып, сот жүйесін әр қарай дамытуға жолданған бір қатар міндеттерді атап өтті.

Источник: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі