Оңтүстік Қазақстан облысының соттары 2017 жылдың бірінші жартыжылдықтағы жұмысты қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындыларына арналған өңір судьяларының кеңейтілген кеңесі өтті.

Кеңес жұмысына облыстық соттың төрағасы Талғат Баратбеков, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, Соттар әкімшісінің басшылығы мен мамандары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, сондай-ақ, кеңсе меңгерушілері қатысты.      

Кеңейтілген кеңесте бірінші жартыжылдықтағы қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындылары туралы алқа төрағалары Зиядинхан Пірнияз бен Түгел Бекімбетовтің баяндамалары тыңдалды.

2017 жылдың 6 айында облыс соттарына 2 413 қылмыстық іс түсіп, 2 244 іс қаралып біткен, 1 300 іс үкім шығарумен аяқталған.

Азаматтық және әкімшілік істер бойынша есепті кезеңде аудандық соттарға 41 057 арыз бен мен талап арыз түскен, 18 299 азаматтық іс өндіріске қабылданған, 38 142 азаматтық іс аяқталған. 3 981 азаматтық іс жеңілдетілген тәртіппен қаралған. 9 754 әкімшілік іс қаулы шығарумен аяқталған.

Судья әдебі жөніндегі комиссияның жұмысы жөнінде комиссия төрағасы Мұхтар Пәрменов, арыз-шағымдарды қарау тобының жұмысы жөнінде облыстық соттың судьясы Тамара Смайылова баяндама жасады. Соттар әкімшісінің басшысы Орынбасар Лештаевтың, сонымен қатар, бірқатар аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының есептері тыңдалды.       Облыстық соттың төрағасы Т.Баратбеков сот актілерін электронды бағдарламаға өз мерзімінде енгізу, электронды цифрлық қол қою бойынша заң талаптарының сақтала бермейтініне және сот процестерін тағайындалған уақытта бастамау немесе бірнеше рет кейінге қалдыру мәселелеріне айрықша назар аударды.

Т.Баратбеков тәлімгер судьялардың жас судьяларды соттарда тағылымдамадан өткізу талаптарын дұрыс орындамайтынын, облыстық соттардың жалпы отырыс және оның Төралқа мәжілістерінің тиісті деңгейде объективтілік танытпай, жас судьялар мен судьялыққа үміткер-тағылымдамашыларға шындыққа сай келмейтін мінездеме беретіндігін сынға алды.  

Сонымен қатар, Т.Баратбеков сот жүйесіне жаңа инновациялық жобаларды енгізу мен олардың артықшылықтарын халыққа кеңінен насихаттаудың нәтижесінде жаңа технологияларды пайдаланудың республикалық рейтингінде сот органдарының көш бастап келе жатқанына назар аударды.

Кеңейтілген кеңестің жұмысын қорытындылай келе, Т.Баратбеков сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту мен судьялардың кәсіби деңгейін арттыру бағытында нақты тапсырмалар берді.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі