Оңтүстік Қазақстан облысында прокурордың сот ісіне қатысуы қашықтықтан бейнеконференцбайланыс көмегімен қамтамасыз етілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мақтаарал ауданының №2 аудандық соты С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, оны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тапты.

Сот отырысында құқық С.-ның а.ж. 15 қыркүйекте сағат 14.00 шамасында Мақтаарал ауданы Мырзакентте, Тілеубердин көшесінің бойында Г.-ға былапыт сөйлеп және қорлап тиісіп, ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген ұсақ бұзақылықты жасағаны анықталды.

Прокурордың іске қатысуы іс қаралып отырған Мырзакент кентінен 35 шақырым жерде орналасқан Жетісай қаласымен бейнеконференцбайланыс арқылы қамтамасыз етілді.

Сот С.ға ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен 22 690 теңге айыппұл салды (10 АЕК). 

Істерді қарау барысында жаңа технологиялардың кеңінен қолданылуы сот төрелігін жедел, әрі сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі