Маңғыстау облысында «Медиация – қоғамдық келісім мен тұрақтылық құралы» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық соты мен Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау филиалы, «Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігімен бірігіп, «Медиация – қоғамдық келісім мен тұрақтылық құралы» атты семинар-тренинг өткізді.

Семинар жұмысына облыс судьялары, кәсіби медиаторлар, үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті полиция мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері  қатысты.Аталған семинардың Қазақстан халқы Ассамблеясы Маңғыстау филиалының алаңында ұйымдастырылуына онда 2015 жылы желтоқсан айында медиация кабинетінің ашылуы негіз болды.

Азаматтық процестік кодекстегі және «Медиация туралы» заңдағы жаңашылдықтар, азаматтық және қылмыстық істерді қарау барысында медиацияның қолданылуы жөнінде Маңғыстау облыстық сотының судьялары А.Молбаева, Г.Иманғалиева, Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Г.Бақытжанова, Ақтау қалалық сотының судьясы А.Булакбаева баяндама жасады. Олар семинар қатысушыларының қойған сұрақтарына жауап берді.

Азаматтық альянстың медиация институтын түсіндіру жұмысы туралы бірлестік өкілдері Ж.Ахметова мен Ж.Маханбетова хабардар етті.

Семинарға қатысушылар облыста медиацияны дамыту мәселелері, Қазақстан халқы Ассамблеясы филиалы жанынан ашылған медиация кабинетінің жұмысын талқылады. Жиналғандар атқарылған жұмысты бағалай отырып, барлық мемлекеттік органдар мен тұрғындар көп шоғырланатын орындарда баннер, стенд орнатуды және тиісті басылымдар мен буклеттерді тарату қажет деген ортақ пікірге келді.

Семинарда мектеп медиациясын дамыту, кәсіби емес медиаторларды оқыту, кәсіби медиаторларды қайта даярлау курсынан өткізу қажеттігі туралы да пікірлер айтылды.

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі