Маңғыстауда судьялар мен зиялы қауым өкілдері татуласу рәсімдерін дамыту мәселелерін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Ел ішінде дау көбейсе, ел сыртында жау көбейеді» тақырыбындағы кездесу «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасын іске асыру аясында өтті.

Іс-шараға Жоғарғы Сот төрағасының кеңесшісі Сағатбек Сүлеймен, Маңғыстау облыстық соты төрағасының м.а. Нұрсапа Примашев, судьялар, сот жүйесінің ардагерлері, «Бірлесе даму» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту қорының президенті Нұргүл Қарағойшина, облыс әкімінің орынбасары Мақсат Сқақов, ардагерлер кеңесінің төрағалары, мәслихат депутаттары мен меценаттар, басқарма басшылары, ақындар, тарихшылар мен ғылыми қызметкерлер, ҮЕҰ мен  БАҚ өкілдері қатысты.

Татуласу рәсімдерін кеңінен насихаттау туралы айта келе, С.Сүлеймен соттар заң шеңберінде тараптармен процессуалдық емес қатынасқа түсе алмайтындықтан, оларға тек татуласуға мерзім берумен ғана шектелетінін түсіндірді. Оның ойынша, дауласушы тараптарға дауды сотқа дейін реттеу үшін ақсақалдардың, медиаторлардың, кәсіпқой психологтардың кеңестері және жастар саясатымен айналысатын ұйымдардың көмектері қажет. С.Сүлеймен «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасының негізгі аспектілері туралы мәлімдеп, Маңғыстауда сотқа түскен шағымдар мен істердің саны екі есе артқанын және облыстағы әрбір бесінші адамы дауға қатысып отырғанын атап өтті. «Осы орайда республика бойынша қайта құрылып жатқан татуласу орталықтарын  соттан тыс дауларды шешуге арналған платформа ретінде қолданудың маңызы зор. Жаңа бастаманың нәтижесінде азаматтар мен заңды тұлғалар арасындағы даулар жылдам шешіледі деп үміттенеміз», - деді С.Сүлеймен.

Сөз сөйлей келе, Н.Примашев облыстық сотта сот жүйесін жетілдіру, оның ішінде «Татуласу: сотқа дейін, сотта» бағыты бойынша арнайы жұмыс тобы құрылғанын атап айтты. Оның мәлімдеуінше, облыс соттарында отбасылық, еңбек, тұрғын үй даулары өте көп қаралуда.

Қоғам өкілдері кездесу барысында медияцияны дамытуға қатысты оң пікірлерін білдіріп, оны дәріптеуге өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша қоғамдағы дауласу деңгейін төмендету бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді.

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі