Маңғыстау облысында татуластыру орталықтары ашылуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау аудандық әкімдігінің ғимаратында бітімгершілік рәсіміне  арналған кабинет ашылды. Оның ашылу салтанатына Маңғыстау ауданының әкімі Жармағанбет Айтуаров, Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары  Ерболат Махмутов, аудандық соттың төрағасы Жұмабай Жанәділов, судья Серікқали Бердібеков, сот жүйесінің ардагері Итемген Орынбайұлы, Маңғыстау  ауданының  ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманқос Ертлеуов және  ардагерлер кеңесінің құрметті азаматы Шаймырза Байпақов қатысты.

Ж.Айтуаров қатысушыларға медиация институтын кеңінен қолдануды насихаттау шеңберінде елде өткізілетін іс-шаралардың маңыздылығы туралы айтты. Ол медиация кабинетінде достық сенім ахуалын орнату және туындаған дауларды бейбіт жолмен шешу үшін жасалған қолайлы жағдайлар туралы атап өтті.

Медиация кабинетіне  бітімгершілікті қолдану ережелері мен рәсімдері туралы қажетті ақпараттық материалдар ілініп,  ыңғайлы жиһаз және жұмыс техникалары қойылған. Мұнда келушілер "Сот кабинеті" электронды сервисіне де қол жеткізе алады.

Кездесу барысында Жұмабай Жанәділов татуласу әлеуетін тиімді пайдалану, сондай-ақ құрылған медиация кабинеті мен «Билер кеңесі» қоғамда дауды азайтуға септігін тизетінін, ал аудан тұрғындарына дауларды реттеу туралы оңтайлы, қолайлы шешім қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Өз кезегінде  аудан ақсақалдары тұрғындар арасында туындаған дауларды бітімгершікпен реттеудің маңыздылығын айтты. Осының барлығы аймақта өзара түсіністік пен достық атмосферасын құруға мүмкіндік береді деп санайды олар. Осы мақсатта әр сәрсенбі күні медиация кабинетінде медиатор-ақсақалдар бас қосып, азаматтарға татуласу рәсімдерінің ерекшеліктерін түсіндірумен, дауларды бітімгершілікпен реттеу тәсілдерін талқылаумен айналысып, дауларды негізіне қарай медиативтік тәртіппен шешетін болды.

 

"Нұр Отан" партиясының Бейнеу аудандық филиалының ғимаратында аудандық сот әкімдікпен бірлесіп, "Татуласу орталығының" ашылу салтанатын өткізді. Іс шара аудан  ақсақалдарының, ардагерлер кеңесі мүшелері мен медиаторлардың қатысуымен өтті.

Бейнеу ауданының әкімі Бейнеубек Әбілов қатысушыларға дауларды сотқа дейінгі шешудің маңыздылығы туралы айтып, дамыған елдерде дауларды сотқа дейін медиация тәртібімен реттеудің әлемдік практикаларын ерекше атап өтті.

Бейнеу аудандық сотының төрағасы Иниятулла Досетов кеңеске қатысушылаға «Сот төрелігінің 7 түйіні» бағдарламасының «Татуласу: сотқа дейін және сотта» деп аталатын басым бағыттарының бірі туралы баяндады. И.Досетов республика бойынша соттарда  "Нұр Отан" партиясымен, Қазақстан халқы Ассамблеясымен, кәсіподақ ұйымдарымен, әкімдіктермен бірлесіп "Татуласу орталықтары" ашылып жатқанын айтты.

«Нұр Отан» партиясының ғимаратында ашылған жаңа орталықтың қызметін жүзеге асыру үшін үйлестіруші ретінде бір ауыздан кәсіби медиатор Асан Айлашов сайланды.

Кездесу соңында қатысушылар бірлескен жұмыстар бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі