оқыту семинары

Жоғарғы Сот судьялары мен Сот төрелігінің оқытушылары судья лауазымына кандидаттарды оқыту әдістемесі бойынша тренингтен өтті

19/03/2018

Жоғарғы Сот судьялары мен Сот төрелігінің оқытушылары 17-18 наурызда судья лауазымына кандидаттарды оқытудағы педагогикалық шеберліктің қазіргі заманғы әдістері бойынша тренингке қатысты.

Тренингті БҰҰ Даму Бағдарламасы ұйымдастырды және ол Ақмола облысы Бурабай өңірінде болды. Іс-шара «Мінсіз судья» жобасы шеңберінде өткізілді.

Қатысушылар ересектерді оқыту (андрагогика), инновациялық әдістемелер мен оқытудың қазіргі заманғы технологияларын, сондай-ақ педагогикалық дағдыларды дамыту мәселелелерін қарады.

Ақмола облыстық сотында жас судьялармен Тәлімгерлер кеңесінің отырысы өткізілді

23/05/2016

Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ерлан Жанәділов 1 жылдан 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар жас судьялармен Тәлімгерлер кеңесінің отырысын өткізді.

Жергілікті соттардың төрағалары мен судьялары жас судьялардың тәлімгерлері болып табылады. 1 жылға дейінгі еңбек өтілі бар жас судьялардың менторы болып облыстық сотының судьялары тағайындалған.

Маңғыстау облысында «Медиация – қоғамдық келісім мен тұрақтылық құралы» тақырыбында семинар өтті

20/04/2016

Маңғыстау облыстық соты мен Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау филиалы, «Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігімен бірігіп, «Медиация – қоғамдық келісім мен тұрақтылық құралы» атты семинар-тренинг өткізді.

Семинар жұмысына облыс судьялары, кәсіби медиаторлар, үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті полиция мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері  қатысты.Аталған семинардың Қазақстан халқы Ассамблеясы Маңғыстау филиалының алаңында ұйымдастырылуына онда 2015 жылы желтоқсан айында медиация кабинетінің ашылуы негіз болды.

Оңтүстік Қазақстан облысында медиаторларға арналған семинар өтті

09/03/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданарлық экономикалық соты «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, медиация тәртібінде татуластыру рәсімін өткізуге уәкілетті кәсіби емес медиаторлар үшін «Медиация рәсімі және даулар мен келіспеушіліктерді реттеудегі медиаторлардың құралдары» тақырыбында семинар өткізді.

Солтүстік Қазақстан облысында «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңды қолдану мәселелерін талқылады

02/03/2016

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында семинар өтті. Оның барысында семинарға қатысушылар – Қаржылық бақылау инспекциясының, қазынашылық органдарының, Петропавл қаласының мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын қолданудың өзекті мәселелерін талқылады.