Маңғыстау облыстық сотында қайта тағайындалған судьялар таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Д.Әміров кезекті жалпы отырысында ұжымға жаңадан тағайындаған судьяларды салтанатты түрде ұжымға таныстырды.

ҚР Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 839 Жарлығына сәйкес Арыстанбек Бекболатов, Жалғас Нұржанов, Ернар Тұрсынқұл Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметіне, Едіге Бегенов, Мұхит Мұқашев, Анар Толықбаева Ақтау қаласының №2 сотының судьясы қызметіне тағайындалды.

Облыстық соттың төрағасы жаңадан тағайындалған судьяларды құттықтап, оларға зор денсаулық, жұмыстарына жетістік тіледі. 

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі