Президенттің Жарлығы

Маңғыстау облыстық сотында қайта тағайындалған судьялар таныстырылды

23/06/2014

Бүгін Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Д.Әміров кезекті жалпы отырысында ұжымға жаңадан тағайындаған судьяларды салтанатты түрде ұжымға таныстырды.

ҚР Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 839 Жарлығына сәйкес Арыстанбек Бекболатов, Жалғас Нұржанов, Ернар Тұрсынқұл Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметіне, Едіге Бегенов, Мұхит Мұқашев, Анар Толықбаева Ақтау қаласының №2 сотының судьясы қызметіне тағайындалды.

Ақтөбе облыстық сотында жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды

23/06/2014

Бүгін Ақтөбе облыстық сотының жалпы отырысында облыстық сот төрағасы Е.Ж.Айтжанов жаңадан тағайындалған судьяларды таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы №893 Жарлығына сәйкес:

Ақтөбе қалалық сотының судьясы лауазымына – Салтанат Абызбаева, Назгүл Баженова, Серік Жұмағұл, Айсұлу Жұмашева, Марина Зайнулина, Ержан Құрманов, Айдана Мамбетқазиева, Амангелді Нұржанов, Алмагүл Сұлтанғалиева;

Атырау облыстық сот корпусындағы кадрлық өзгерістер

23/06/2014

Бүгін Атырау облыстық сотының төрағасы Мұхтар Смағұлов облыстық соттың жалпы отырысында ұжымға жаңадан тағайындалған судьяларды таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы   № 839 Жарлығына сәйкес Базарова Алтынай, Батырғалиева Гүлфия және Серікова Алтынай Атырау облыстық сотының судьялары болып тағайындалды.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында жаңа тағайындаулар орын алды

23/06/2014

Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық сотында өткен жалпы отырыс барысында облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасына төрағасы лауазымына, аудандық және оған теңестірілген соттарға жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 маусымындағы Жарлығына сәйкес Асламбек Мерғалиев Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы болып тағайындалды. Ол бұрын Павлодар қаласының № 2 сотының төрағасы қызметін атқарған.