Маңғыстау облыстық сотында атқару өндірістерін қозғаудан бас тарту мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық сотында «Атқару өндірісін қозғаудан бас тарту және атқару парақтарын негізсіз кері қайтару» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.  

Іс-шараға Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Аманбек Қалпақов, өңірлік соттардың  кеңсе меңгерушілері,  жеке сот орындаушылар қатысты.

«Дөңгелек үстел» жұмысын аша келе, А.Қалпаков «Төрелік» сот органдары ақпараттық жүйесі мен атқарушылық іс жүргізу органдары автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл шегінде атқару парақтарын орындау үшін әділет органдары мен жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына электрондық құжат түрінде жіберуге қол жеткендігіне тоқталып өтті. Сонымен қатар, ол атқарушылық құжаттар мен санкциялауға ұсынылатын қаулыларды қағаз жүзінде ұсынуға кететін уақыттың қысқарып,  азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтірудің маңызды кепілі болып табылатын сот актілерін жедел әрі тиісінше орындауға мүмкіндік беретіндігін тілге тиек етті. Алайда, жеке сот орындаушылар тарапынан  атқарушылық іс жүргізу құжаттарын қайтару себептері орын алатындығын айтып, мұндай іс-әрекеттер сот актісінің дер кезінде орындалуына кедергі келтіретіндігін атап өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысының соңында қатысушылар атқару құжаттарының негізсіз қайтаруға жол бермес үшін  бірыңғай тәжірибе қалыптастыру қажетттігін айтып, жеке сот орындаушылар айтылған мәселелерді басты назарға алатындықтарын  жеткізді.

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі