Қызылорда облыстық сотында қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының жаңа төрағасы таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облыстық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Әділ Құрықбаев Қызылорда облыстық сотының ұжымына Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 27 қыркүйек № 342 Жарлығымен тағайындалған облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Бахытжан Қалымбет Мүсілімбекұлын таныстырды.

Жаңадан тағайындалған алқа төрағасының қызметі мен жеке қасиетіне тоқталған Әділ Құрқбаев: «Бақытжан Қалымбет Қызылордада туып-өскен, осы өңірге еңбегі сіңген азамат. Өз ісінің кәсіби маманы, білікті басшы, әділдіктің ақ жолындағы еңбегімен алдағы уақытта да еліміздің сот жүйесінің беделін арттыруға зор үлесін қосады деп сенім білдіремін», - деді.

Қызылорда облыстық соты жанындағы соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңес төрағасы Қорғанбек Қайроллаұлы да алқа төрағасын жаңа қызметімен құттықтап, Елбасы артқан сенімді ақтай беруіне тілектестігін білдірді.

Облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайрат Адранов таныстыру рәсіміне арнайы келген ҚР Жоғарғы Сот судьясы Әділ Құрқбаевқа сот корпусы атынан алғысын білдірді.

Іс-шара барысында Әділ Құрқбаев сот жүйесіндегі соңғы жаңалықтар мен заманауи технологиялардың жетістіктерін айтып өтті. Сондай-ақ, Ұлт Жоспары 100 қадам аясында атқарылған шараларға, сот ісін жүргізудің үш сатылы жүйесіне кеңінен тоқталды.

Өз кезегінде Бақытжан Қалымбет жауапты қызмет жолында тәжірибиесі мен күш жігерін салып, Елбасы артқан сенімді ақтайтынын жеткізді.

Источник: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі