«Қорғас ісі» бойынша аппеляциялық сот отырысы өтуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылғы 8 шілдеде Қазақстан  Республикасы Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа судьясы А.М.Нұрбековтің төрағалығымен  «Қорғас ісі» деп аталатын экономикалық контрабанда фактісіне қатысты заңды күшіне енбеген үкіміне берілген апелляциялық шағымдарды қарау басталды. Сот отырысы ашық түрде өтуде.

Осы іс бойынша сотталған 45 адамның 39-ы апелляциялық шағым түсірді. Сотталған бір адам өз шағымын кері қайтарып алды.

Бірінші сатыдағы сот үкіміне сотталғандар мен олардың қорғаушы-адвокаттарынан 62 апелляциялық шағым және оған қосымша 39 шағымнан басқа, 51 өтініш келіп түсті.

Сот отырысының алғашқы күні сотталғандардың тек 9 қорғаушысының өтініші тыңдалды.

Іс материалдары бойынша сотталғандар 7 қылмыс эпизоды бойынша кінәлі деп танылған. Олардың ішінде, ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастықтың аса ірі мөлшерде экономикалық контрабанда жасауы, ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің  билік пен қызмет бабын теріс пайдалануы, қаржы полициясы және ішкі істер органдары қызметкерлерінің өміріне қастандық жасау және аса ірі мөлшерде пара беру, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану, ақша қаражатымен және көрінеу заңсыз жолмен алынған өзге де мүлікпен қаржы операцияларын және басқа да мәмілелерді жасау, алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының  бірнеше мәрте және ірі мөлшерде аталған қаражат пен өзге мүлікті кәсіпкерлік қызметті және өзге де экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануы.

Келесі сот отырысы 2014 жылғы 10 шілдеде өтеді. 

Источник: 
Қазақстан Республикасы Әскери Сотының баспасөз қызметі