Футбол клубының қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотында брифинг өтіп, судья Ш.Бисембиева сотталушылар Ж.Бартекеев пен «Ордабасы» кәсіптік футбол клубының» экс-директоры К.Әбдірайымовқа қатысты қылмыстық іс бойынша түсініктеме берілді.        

Сот материалдарына сәйкес сотталушылар сеніп тапсырылған бөтен  мүлікті ұрлаған, яғни К. Әбдірайымов футбол клубына басшылық жасаған кезеңде, Ж.Бартекеев жұмыс істемесе де, аталған клубтың менеджері ретінде жалақы алып отырған. 2009 жылдан 2014 жылға дейінгі аралықта сотталушы Ж.Бартекеевке заңсыз төленген жалақының жалпы сомасы 5 715 700 теңге көлемін құраған.                               

Сот Ж.Бартекеев пен К. Әбдірайымовты кінәлі деп танып, олардың жеке мүліктері тәркіленіп, бес жыл мерзімге бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуге соттады. Сонымен қатар, Ж.Бартекеев бір жыл мерзімге,  ал К.Әбдірайымов үш жыл мерзімге спорт саласындағы ұйымдарда, жұмыс істеу құқығынан айырылды.    

Үкім заңды күшіне енген жоқ.           

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі