Атырау облысының судьялары дауды бейбіт жолмен реттеуге ықпал етуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының соттары Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына және жаңа Азаматтық процестік кодекстің 4-бабына сәйкес, азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулаған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғап және қалпына келтіріп қана қоймай, сот өндірісіне қабылданған даулардың бейбіт жолмен реттелуіне ықпал жасауда.

Жоғарғы Соттың судьясы Ұ.Сулейменова «Заңгер» журналының № 12 басылымында жарияланған мақаласында сот медиациясы соттарда, соның ішінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотта қаралатын істерге қатысты кеңінен қолданылуыға тиіс деген болатын.  Мұндай құқықтық көзқарастың негізділігін Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматтық істерді қараудағы сот тәжірибесі арқылы дәлелдеп отыр. Мәселен, 2016 жылғы 23 ақпанда ювеналдық сот даудың сот медиациясы тәртібінде шешілуіне байланысты азаматтық істі қысқартты. Келісім талаптарына сәйкес 2002 жылы туылған қызының тұрғылықты жері  әкесінің тұрғылықты жері бойынша айқындалды.

2016 жылғы 19 ақпанда М-ның Т-ға ата-аналық құқықты жүзеге асыру талабы бойынша дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісім бекітілді. Тараптардың келісімінде, балалардың анасы 2002 және 2004 жылы туылған ересек балаларымен әр жексенбінің сағат 14.00-ден 17-00 аралығында кездеседі, ал әкесі осы уақытта кіші балаларымен кездеседі деп көрсетілген.

2016 жылғы 13 қаңтарда Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соты мен «Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы меморандумның негізінде бірқатар медиативтік келісімдер бекітілді.

2016 жылдың басынан ювеналдық сот 3 бітімгершілік келісім, 6 сот медиациясын, 3 медиативтік және 1 партисипативтік келісімді бекітіп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 350-бабының 1-бөлігі (көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтiру) негізінде 4 тұлғаға қатысты қылмыстық іс медиациялық келісім негізінде қысқартылды. Татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы қысқартылған азаматтық істер саны 65 % құрады, бұл облыстың орташа көрсеткішінен 6 есе жоғары.

Источник: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі