Атырау облыстық сотында судьялар Заңдылықтың жетілдірілуін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық соты судьялар үшін «Азаматтық, банктік заңнамаларды жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын талқылауға арналған семинар өткізді.

Семинарда облыстық сот судьясы Г.Нұржігітова кейбір заң актілеріне енгізілген жаңашылдықтарды түсіндірді. Жарамсыз мәмілелердің таяздық және ымыраласу болып бөлінуін, кепілдің, мәмілелердің жарамсыздығының салдарын нақтырақ түсіндіріп өтті. Семинарға қатысушыларға Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің жаңа нормалары, атап айтқанда, істерді сот талқылауына тағайындау мерзімдері туралы айтты.

Шара соңында семинар модераторы заңдылықтардың талаптарының сақталуына назар аударып, аталған заң ресми жарияланғаннан бастап 10 күн ішінде күшіне енетінін ескертті.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі