Алматы облысы аудандарының активімен кездесу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Алматы облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Т.Қ. Баратбеков Ақсу және Алакөл аудандарының активімен кездесті.

Оған Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагерлері, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік қызметкерлер, мәдениет бірлестіктері, ұкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Талғат Қожанұлы өз сөзінде электрондық сот өндірісі туралы және тұрғындардың соттарға қолжетімділігі мен ашықтығы үшін 2020 жылға дейін ақпараттық тұжырымдама әзірленгендерін, сонымен қатар дауларды шешудің сотқа дейінгі (медиация) және баламалы (аралық соттар) кеңінен енгізілуіне тоқталды.

Атап айтқанда, ағымдағы жылы медиация арқылы аяқталған істер саны 2013 жылмен салыстырғанда бес есе көбейген. Аталған шаралар сот өндірісін жеңілдетуге, оның ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға, азаматтар мен кәсіпкерлердің сенімін нығайтуға ықпал етеді..

Облыстық соттың алқа төрағасы қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Источник: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі