Ақтөбе облыстық сотының төрағасы аудандық соттарға барды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай қызметтік сапар барысымен Қобда және Ойыл аудандық соттарын аралады.

Іс-шара барысында аудандық сот жұмысымен таныстырылды, аудан белсенділерінің қатысуымен жиын өткізілді.

Әңгіме барысында М. Әкетай Ұлт Жоспарының Жоғарғы орындалуы - сот құрылымының жаңа моделі, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын сот арқылы қорғау саласының кеңейтілгені туралы атап өтті.

Сондай-ақ облыстық сот төрағасы сот төрелігінің негізгі басымдықтарының бірі ретінде заң үстемдігі, дауларды баламалы түрде шешу, судьялардың кәсібилігі, сот процестерінде қолданылатын заманауи ақапараттық технологияларды енгізу анықталғандығын айтып жеткізді.

М. Әкетай аудан әкімдігінің жанынан ашылған медиация кабинетінің жұмысымен танысып, кәсіби емес медиаторлармен тілдесті. Сонымен қатар аудандық сотта азаматтарды қабылдау өткізіп, қабылдауға келген аудан тұрғындарының барлық сұрақтарына толыққанды жауап берді.  

Қызметтік сапар соңында облыстық сот төрағасы судьялардың назарын сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру, істерді қарау мерзімдерін сақтау, азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын қорғау қажеттігіне аударды.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі