Ақтөбе облыстық сотында тергеу судьялары арасында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семинар сабағы тергеу судьялары жұмыстарының сапасын жақсарту, сонымен қатар, тергеу соттарының құзыретіне жататын мәселелерді қарау бойынша бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыру мақсатында  өткізілді.

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай тергеу судьяларына заңмен жүктелген міндеттерді тиісінше орындау азаматтардың  конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға кепіл болып, қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі өндірісті жүзеге асыруда заңдылықты нығайтуға ықпал ететінін, осы мақсатта облыстық сот тиісті ауқымды шаралардың жүзеге асырып жатқанын атап өтті.

Өткізілген іс-шара барысында Ақтөбе облысының тергеу судьясы Нұриля Сатыбалдина тергеу судьялары жұмыстарының сапасын одан әрі арттыру қажеттігін айтты. 

Жиында бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыру бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Қайнар: 
Ақтобе облыстық баспасөз қызметі