Шығыс Қазақстан облысының ювеналдық сотында «Отбасы орталығы» ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғлиев Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотында №1 «Отбасы орталығын» ашты.

Іс-шара «Отбасы соты» жобасын іске асыру шеңберінде өтті. Салтанатты ашылу рәсіміне судьялар, Отбасы және баланы қорғау орталығының, қорғаншылық және қамқорлық органдарының, «Ана үйі» қорының, мамандандырлған бала үйінің өкілдері және медиаторлар қатысты. Жобаның мақсаты отбасындағы құқықтық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты дамытуға өмірлік қиын жағдайда қалған отбасыларға алғашқы психологиялық көмек көрсетуге бағытталған.

Іс-шарада сөз алған, Д.Әбдіғалиев татуласу рәсімін дамытудың, жанжалдық жағдайларды азайтудың, қоғамда өзін-өзі сыйлауды тәрбиелеудің басымдылығын ерекше атады. Спикер татуласу рәсімдерін соттарда ғана белсенділікпен қолданып қоймай, сонымен қаттар соттан тыс кезде де қолданылуы тиіс екеніне баса назар аудартты.  «Өкінішке орай соттарда отбасы-неке даулары өскен. Орталықтың ерлі-зайыптылар арасындағы дауды реттеуге, отбасы қатынастарын сауықтыруға ықпал тигізетініне сенімдімін», -деді Д.Әбдіғалиев.

Жанжалдасқан ерлі-зайыптыларды және балаларды татуластыруға бағытталған орталық заманауи жиһазбен, медиация туралы ақпараттық материалдармен жабдықталған, бір сөзбен айтқанда судьялардың, психологтар мен медиаторлардың отбасылармен әңгімелесулер мен медиациялар өткізулері үшін қолайлы жағдай жасалған.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі