Қызылордада Билер кеңесі азаматтарды қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облыстық сотында Билер кеңесінің бірінші отырысы  өтті. Билер кеңесінің хатшысын тағайындау, жұмыс тәртібін айқындау мәселелері қаралып, азаматтардың қабылдауы жүргізілді.

Билер кеңесінің хатшысы болып кәсіби медиатор Қыдырбек Рашов тағайындалды.  Отырыста Билер Кеңесі азаматтар қабылдауын жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына оның өтетін туралы тиісті ақпарат жариялағаннан кейін айына екі рет жүргізетіні туралы шешім қабылданды.

Тұрғын үй даулары бойынша жеке кәсіпкелерге кеңестер берілді.

Қабылдауда неке қию туралы бұдан бұрын сотқа арызданған ерлі-зайыптылар болды,  судья алдын ала тыңдалым кезінде оларға Билер кеңесіне жүгінуді ұсынған. Билер кеңесінің мүшелері өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып, ерлі-зайыптыларға отбасы құндылықтары мен бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі туралы айтты. Нәтижесінде билердің күш салуымен жұбайлар қайта жарасты.  

Источник: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі