Дауды бітімгершілік шешудің ерекшелігін ескеріп

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы мамандандырылған экономикалық сотына  ЖШС-ның бірі екінші бір ЖШС-дан құны 18 миллион теңгеден асатын кепілге алынған мүлікті өндіріп алу туралы жүгінген.

Талапкер сотқа жауапкердің кредиторлық берешегін өтеу бойынша міндеттемесін тиісті түрде орындамағаны үшін жүгінген.

Тараптар сотқа қатты күйзеліспен, әрі ұзаққа барған кикілжіңнен шаршап келген.

Сотқа дейінгі дауды реттеу мақсатында татуластырушы судья тараптарға уақыт пен қаражатты  үнемдеуге, мемлекеттік бажды қайтаруға, тұрақты іскерлік қарым-қатынасты сақтауға назар аударта отырып, бітімгершілік келісімін жасаудың ерекшелігін түсіндірді.

Татуласудың оңтайлы тәртібін анықтаған даудың тараптары, көп ойланбастан бітімгершілік  келісімін жасау арқылы дауды реттеу туралы өтінішхатын берген.

Сот бітімгершілік  келісімін бекітті, оның талаптары бойынша жауапкер 2019 жылғы қарашаға дейін берешекті өтеуге міндеттелінді. Іс жүргізумен аяқталды.  

Тараптар жанжалды шешудің нәтижесіне риза болды және сот ықпалынсыз формальді емес жағдай бірін-бірі жақсырақ түсінуге және объективті шешім қабылдауға жәрдем беретінін айтты.

Осылайша, татуласу ұзаққа баратын сот талқылауын, іссапар шығыстарын және жарты миллион теңгеге іссапар шығыстарын өтеуді жойды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызмет