Жазаны жеңілдету мүмкін болмады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Алматы облыстық сотының кассациялық сот алқасы кісі өлтіргені үшін сотталған С.Нұрмұхамбетовке қатысты қылмыстық істі қарады.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2014 жылғы 30 сәуірдегі үкімімен С.Нұрмұхамбетов Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша (Кісі өлтіру, яғни өзге адамды қасақана өлтіру) 10 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге сотталған болатын.

Сот үкімімен сотталған азаматтан жәбірленушінің өкіліне моральдік (4 000 000 теңге), материалдық (1 864 276 теңге) шығын, мемлекет пайдасына мемлекеттік баж, сондай-ақ сот шығыстары өндіріп алынды.

Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық және кассациялық сот алқаларының қаулыларымен Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының                    С. Нұрмұхамбетовке қатысты өкімі өзгеріссіз қалды. 

Қайнар: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі