Жамбыл облыстық сотының төрағасы Шу аудандық сотында азаматтарды қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев Шу аудандық сотында көшпелі қабылдау өткізді.

Іс-шараға құқықтық көмек көрсету мақсатында облыстық соттың судьялары Меирхан Атибеков, Ардақ Әкетаев және аудандық соттың төрағасы Ернар Жаманқұлов қатысты.

Қабылдауға ауданның 10 тұрғыны: Сәрсебай Рахымқұлов, Мейірбек Оңласын, Айбота Куанышбек, Гүлжазира Жанысбекова, Жексембек Бахтияров, Күләш Қарамолдаева, сондай-ақ Шу заң кеңесінің адвокаты Паншат Мәттібекова келді.

Азаматтарды сот жүйесіндегі өзгерістер, жер даулары бойынша істердің қаралу тәжірибесі, сот актілері көшірмелерінің уақытылы жолдануы, сондай-ақ, отбасы-тұрмыстық қатынастар, сот актілерінің орындалуы бойынша, соттылығын алып тастау және жәрдемақы өндіру туралы мәселелер қызықтырды.

Е.Сейдумов, Г.Череменский және В.Череменская Шу аудандық сотының судьяларына әділ сот шешімі үшін алғыс білдірді.

Барлық келген азаматтарға оларды қызықтырған сұрақтар бойынша түсіндірмелер мен жауап берілді.

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р. Алшынбаевтың тапсырмасы бойынша, Жамбыл облысы Судьялар Одағының  төрайымы Тахмина Сұлтанова Қордай аудандық сотында болып, қиын жағдайға тап болған  әйелдерді қабылдады.

Қабылдауға аудан тұрғындары Ақерке Еркінбек, Альбина Шайхмиланова, Надежда Чукалина, Венера Сандыбекова, Лариса Южакова және Қордай аудандық ІІБ-нің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлары Анастасия Басова, Әсел Шәкірова, Еркін Абдуллаев, қорғаншылық және қамқоршылық органының өкілі Балжан Мейірманова келді. Оларды отбасы-тұрмыстық қатынастардан туындайтын және туу туралы фактіні анықтау бойынша сұрақтар қызықтырды.  

Азаматтар өз сұрақтарына толыққанды жауап алды.   

Іс-шараның соңында Тахмина Сұлтанова Қордай аудандық ІІБ-нің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторларымен, қорғаншылық және қамқоршылық органының өкілімен әңгіме жүргізіп, оларға қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша түсіндірмелер берді.

Қайнар: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі