Уақыт пен қаржыны үнемдеу – Жоғарғы Сот жанындағы Департамент пен «Қазпочта» АҚ-ның интеграциялық іс-шараларының басты мақсаты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен «Қазпочта» АҚ-ның республикадағы сот және почта органдарының ақпаратттық жүйелерін интеграциялау жұмыстарының 1-кезеңін іске асыру барысын, сондай-ақ осы бағыттағы перспективалық жоспарларды бекітуді талқылауға арналған жұмыс кездесуі өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І.С. Испанов және «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы Б.Б. Мусин қатысты.

Өзара іс-әрекет схемасының 1-кезеңін іске асыру сот органдарының жөнелтілімдеріне «Қазпочта» АҚ тағайындайтын бірегей штрихтік сәйкестендіргіш арқылы  соттар почталық жөнелтілімнің ағымдағы жеткізілу деңгейі туралы хабарламала алып отыруға мүмкіндік алды. «Қазпочта» АҚ-ның жөнелтілім деңгейлері туралы хабарламаларды қалыптастырып, оған негіз пайда болған сәттен бастап оларды Сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдамалық жүйесіне автоматты режимде беруі іске асты. Осылайша, сот кеңсесінің қызметкері өзінің жұмыс орнында отырып-ақ, жөнелтілген хаттардың жеткізілу барысын тексере алады. Бұрын бұл процестер қағаз тасығыштар арқылы қолмен жасалатын, оларды өңдеу үшін көптеген қаржы және адами ресурстар жұмсалатын. 

Жоғарыда айтылған жаңашылдықтардың негізгі мақсаты бюджет қаражаты мен адами ресурстарды үнемдеу, сот органдарынының почталық жөнелтілімдерінің жоғалып кету, дер кезінде жетпеу фактілерін болдырмау болып табылады, бұл өз кезегінде, сот төрелігін жүзеге асыру сапасына оң әсерін беруде.  

Қажет болған жағдайда, хатты соттың алғаны туралы адресат хабарламасыз-ақ тіркелген почталық жөнелтілімдерді іздеу бойынша «Қазпочта» АҚ көрсететін қызметіне сәйкес почталық жөнелтілімді алғанын/алмағанын растау туралы ақпаратты сұрата алады. Бұған қоса, ақпараттық өзара іс-қимылдың жаңа тәртібі почтаны жөнелту процесін автоматтандырды.

Кездесу барысында автоматтық конвертациялау, сондай-ақ сот органдарының «Қазпочта» АҚ арқылы хат-хабарлар жіберу жұмыстарының келешегі талқыланды.

Ақпараттық жүйелердің интеграциялануы процессуалдық заңнамада көзделген іс жүргізумен байланысты тұрғындар үшін шығындарды қысқартуға ықпал етеді, сондай-ақ «Қазпочта» АҚ-ның кері почталық хабарландыруларын жоққа шығару, хат-хабарларды өңдеу үшін кететін уақытты үнемдеу, жөнелту процесін тездету бөлігіндегі жұмысты оңтайландыруға мүмкіндік береді. Жоба іске асырылғалы бері 2014 жылдың 4 тамызындағы жағдай бойынша сот органдары почталық байланыс бөлімдеріне 118 мыңнан астам тапсырыстық хат-хабарламалар жіберілді және олардың жеткізілуі туралы автоматты түрде 35 мыңға жуық жөнелтілім деңгейі туралы хабарлама алынды.

Кездесу соңында тұрғындар үшін қолайлы жағдайдың сапасын арттыру мақсатында сот органдарының жұмысы үшін «Қазпочта» АҚ-ның почталық жөнелтілімдерінің автоматтандырылған қызметтерін одан әрі жаңғырту туралы шешім қабылданды және бірлескен іс-қимылдың 2-кезеңін іске асырудың жұмыс жоспары бекітілді.  

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі