Туған әкесін өлтіргені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 22 жасар И. Коротков өзінің туған әкесін өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айрылып, жазасын қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде өтеуге сотталды.

Сотта белгілі болғандай, сотталушы И. Коротков мас күйінде әкесінің арақ ішпеу туралы айтқан ескертпесін көтере алмай, ашуға булығып, әкесіне ас үй пышағымен екі рет соққы жасаған. Оқиғаның куәгері болған сотталушының кіші інісі әкесін қорғамақ болып, Коротковтан пышақты алып қойғанына қарамастан, қолына түскен таяқты алып әкесінің басынан бірнеше рет ұрған. Осылайша ол өз әрекетімен әкесінің денсаулығына өмірмен сәйкеспейтін жарақат келтірген. Шұғыл көрсетілген дәрігерлік көмекке қарамастан жәбірленушінің өмірін сақтау мүмкін болмаған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі

Ұқсас мәліметтер