Дс, 18/08/2014 - 16:45
Ақмола облысы Жарқайың аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 367-бабы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде отырған адамға сақтауға, пайдалануға тыйым салынатын заттарды бергені үшін бұрын сотты болған азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта К. жалпы тәртіптегі түзету колониясында отырған сотталған адамға тексерістен жасырын түрінде сақтауға және пайдалануға тыйым салынатын затты бермекші болғаны анықталды. Атап айтқанда, К. телефонның SIM-картасын аяқ киім ұлтарағының астына жасырып бермекші болған.
Сот қаулысымен азамат К. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 367-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған бір айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, яғни 1 852 теңге сомасына айыппұл салынып, SIM-картасы тәркіленді.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.