Сотқа материалдар жолдау барысында жіберілетін кемшіліктер талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «шартты түрде мерзімінен бұрын босату, үкімді заңға сәйкестендіру, нашақорлықтан және маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуді тоқтату, әкімшілік қадағалауды белгілеу және түзету мекеме түрін ауыстыру туралы материалдарды қарау барысында туындайтын мәселелерге» арналған «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелдің» жұмысына Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы                С.М.Өскембеков, Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы С.Ғ.Баймағанбетов, аталмыш сот судьялары, прокуратура, құқық қорғау құрылымдарының, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, мамандандырылған мекемелердің және облыстық адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.

«Дөңгелек үстелдің» қатысушылары қылмыстық-атқару жүйесі органдарының сотқа материалдар жолдау барысында жіберетін кемшіліктерін талқылап, жұмыс сапасын жақсарту бойынша шаралар ұсынды

2013 жылдан бері Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шартты түрде мерзімінен бұрын босату, үкімді заңға сәйкестендіру, нашақорлықтан және маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуді тоқтату, әкімшілік қадағалауды белгілеу және түзету мекеме түрін ауыстыру туралы материалдарды қарайды.

Статистикалық деректерге сәйкес, 2013 жылы Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына барлығы 669 материалдар түскен, оның 564-і қаралып, 79-ы кері қайтарылған. 2014 жылдың 4 тамызындағы жағдай бойынша сотқа 448 материалдар түсіп, оның 355-і қаралған, 53-і кері қайтарылған.

Талқылау соңында жазаның атқарылуын орындау органына сотқа материалдарды жіберу барысында қылмыстық-іс жүргізу, қылмыстық-атқару заңдары мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі туралы ұсыныстар берілді.   

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі