Сот жүйесі Қазақстан Республикасы Конституциясының 19 жылдығын мерекелеуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін облыстық сот төрағаларының басшылығымен Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Павлодар, Қостанай, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында және Астана қалалық сотында Қазақстан Республикасы Конституциясын мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.

Жиынға сот жүйесінің ардагерлері, облыстық және аудандық соттарының судьялары мен облыстық сот кеңселерінің мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.            

Облыстық соттарының төрағалары қатысушыларды алдағы мемлекеттік мерекелерімен құттықтады және бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституция құқықтық мемлекет құрудың берік іргетасын қалағандығын атап өтті. Еліміздің сот жүйесі қоғамның барлық саласында заң үстемдігінің орнығуын қамтамасыз ете отырып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғап келеді.

Мерекелік жиындарда ведомстволық наградалармен марапаттау салтанатты рәсімі өтті. Атап айтқанда, ардагер судьялар мен сот қызметкерлеріне айрықша еңбектері үшін Қазақстан Республикасы Судьялар одағының «Үш би» құрмет белгілері, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Сот жүйесінің ардагері», Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдары, құрмет грамоталары мен алғыс хаттары тапсырылды.

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі