Сот заңсыз жұмыстан босатылған медбикені жұмысқа қайта алғызды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Бұланды аудандық соты жұмысқа қайта алу және амалсыз бос жүрген уақыты үшін еңбекақыны өндіріп алу туралы Психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінің бұрынғы бас медбикенің талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, азаматша И. 2016 жылдың 3 қаңтарынан бастап Психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде бас медбике қызметін атқарған. Жұмыс істеу кезеңінде ол тәртіптік жазаларға тартылған. 2015 жылдың 15 желтоқсанында санитарлық – эпидемиологиялық нормаларды бұзғаны үшін оған ескерту жасалды. 2015 жылдың 28 қаңтарында тәртіптік жаза сөгіс түрінде, 2016 жылдың 20 қаңтарында гигиеналық заттарды дұрыс бермегені үшін қатаң сөгіс жарияланған. 2016 жылдың 2 маусымында медбике жұмыс берушімен жұмыстан шығарылды.

Сот анықтағандай, медбикемен жасаған бұзушылықтар елеулі емес, жүйелі түрде жасалмаған және жұмыстан босатуға негіз бола алмайды.

Сот шешімімен жұмысқа қайта алу және амалсыз бос жүрген уақыты үшін еңбекақыны өндіріп алу туралы медициналық-әлеуметтік мекемесінің бұрынғы бас медбикенің талап арызы қанағаттандырылды. Азаматша И-дің Медициналық-әлуметтік мекемесінің директорымен жасалған еңбек шартының бұзылу туралы бұйрығының күші жойылды. Азаматша И. жұмысқа қайта алынды. Сонымен қатар, сот жұмыс берушіден азаматша И-дің пайдасына амалсыз бос жүрген уақыты үшін еңбекақыны өндіріп алды.

Сот шешімімен азаматша И-ні жұмысқа қайта алу және еңбекақыны өндіріп алу туралы бөлігінде дереу орындалуы тиіс.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз бызметі