Сот салық төлеушінің құқықтарын қалпына келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар обылысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен жеке кәсіпкердің мемлекеттік кірістер органына салық тексеру нәтижесімен шығарылған  хабарламаларды заңсыз деп тану және олардың күшін жою туралы арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Атап айтқанда, 2010-2011 жылдар аралығындағы есеп айырысу бойынша «әрекетсіз» ЖШС-нен төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан жеке табыс салығы тексерумен есептелген.

Сол себепті ЖК аталмыш хабарламамен келіспей, оның күшін жою үшін сотқа арыз берген, ЖК есептелген салықпен өзінің келіспеушілігін  2013-2014 жылдары ЖШС-нің контрагенттері әрекетсіз деп қабылданғанын көрсетті, ал салық 2010-2011 жылдар үшін салынып отыр, яғни конграгенттердің «әрекетсіз» деп қабылдауларынан бұрын, ЖК мен ЖШС арасында өзара есеп айырысулар ертерек болған.

Сот ЖК-дің дәлелдерімен келісіп, уәкілетті органның әрекеті Салық кодексінің 115-бабының 3-тармақшасына қайшы келеді, осы Кодекстің 579-бабында айқындалған тәртіппен әрекетсіз деп танылған салық төлеушімен оны әрекетсіз деп тану туралы бұйрық шығарылған күннен бастап жасалған операциялар бойынша шығыстар қарастырылмайтыны көрсетілген. 

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі