Сот органдарының байланыс орталығы online режимде қызмет көрсетуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот органдарының тұрғындармен өзара байланысының тиімділігін арттыру мақсатында 2014 жылғы 29 сәуірде Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысы 1401 бірыңғай байланыс орталығының жұмыс регламентін бекітті.

Байланыс орталығы сот ісін жүргізу мәселелері бойынша тұрғындарды жедел ақпараттандыру мақсатында құрылды. Кез келген азамат 1401 республика бойынша бірыңғай телефон нөміріне хабарласып, өз сұрағын қоя алады. Орталық жұмыс уақытында қолжетімді болып табылады.

Байланыс орталығының арқасында азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдері соттардың жұмысы бойынша анықтамалық және сот актілеріне шағымдану тәртібі, істі қарау нәтижесі, істі және сот тыңдауының қайта қарауға өтініш түсірілген күн туралы мәліметтерді біле алады.

Бұған қоса, байланыс орталығының қызметкерлері сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдамалық жүйесінің жұмыс әдісін, сондай-ақ Жоғарғы Сот басшылығының жеке қабылдауына жазылу тәртібін түсіндіреді. Бірыңғай байланыс орталығы жұмысын бастағалы бері (2014 жылғы сәуір) барлығы  3 мыңнан астам телефон қоңырауы келіп түсті.

Байланыс орталығының іске қосылуы нәтижесінде тұрғындардың сот жүйесінің жұмысы туралы хабардар болу деңгейі артты.

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі