Солтүстік Қазақстан облыстық соты ғимаратының алдында соғысқа қатысқан судьяларды ескерткіш тақта ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Онда әр жылдары судья болып қызмет атқарған 17 соғыс ардагерінің тегі жазылған.

Ескерткіш тақтаны ашу құқығы облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов пен Жоғарғы Соттың судьясы Денис Шиппке берілді.

Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова, Жоғарғы Соттың судьясы Денис Шипп, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов қатысты.

«Біз отанымызды қорғаған соғыс жауынгерлерін есте сақтаймыз және    олардың даңқын асырып, құрмет көрсетеміз», - деді Ерлан Айтжанов.

 А.Дүйсенова соғыс ардагерлері - судьялардың есімдері жас ұрпақтың  жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.

Д.Шипп өз сөзінде оның атасы Григорий Семеновтың аты ескерткіш тақтада жазылғанын мақтан тұтатынын және ол үшін өте қуанышты екенін айтты.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов енді қала тұрғындары мен қонақтарында тағы бір көз тартарлық орын пайда болғанын, оның қасына келіп бейбіт аспан үшін ерлікпен күрескен судьялардың есімдерімен таныса алатындығын айтты.

Сонымен қатар, тегі мемориалдық тақтада құрметті орынға ие болған соғыс ардагері-судьясы Қалымжан Хабдулиннің қызы, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті археология ғылыми-зерттеу институтының директоры Марал Хабдулина әкесінің ерлік жолы туралы айтып берді.

Метроном дыбысымен жиналғандар соғыс жылдары қайтыс болғандарды бір сәт үнсіздікпен еске алды. Іс-шара қатысушылары Даңқ тақтасына гүл шоқтарын қойды.

Іс-шара мерекелік концертке ұласты.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі