Семейде сот қызметкердің өрескел бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қалалық соты жұмысқа қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген уақыты үшін еңбекақыны және моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Талапкер сотқа берген арызында «Балғын» шағын орталығында кіші топтың тәрбиешісі болып жұмысын атқарғанын көрсеткен. 2016 жылдың 23 қыркүйегінде жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған. Мемлекеттік еңбек инспекторына жүгінген соң, жауапкер 1 қарашасында жұмыскердің бастамасы бойынша бұзылған негіздемемен жаңа бұйрық шығарған.

Сот отырысының барысында талапкердің жұмыстан шығу өтінішінде жазылған күні, еңбек шартын қай кезден бастап бұзуды сұрағаны және еңбек шартын бұзуға хабардар ету мерзімі өткенге дейін келісетіні туралы көрсетілмегені анықталды. Өтініште тек жұмыс берушінің жұмыстан шығару туралы куәландыру қолы қойылған. Жауапкер жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу тәртібін көздейтін Еңбек кодексінің талаптарын бұзу салдарынан талапкер өтінішті кері шақырту құқығынан айырылған.  

Сот шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылды. Талапкер бұрынғы жұмысына қайта орналастырылды, жұмыс берушіден амалсыз бос жүрген уақыты үшін 156 392 теңге еңбекақы және 10 000 теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Пресс-служба Восточно-Казахстанского областного суда