Семейде ашық кәріз құдығына құлаған баланың әкесіне, сот 100 мың теңгеден астам шығынды өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қалалық сотында материалдық залал және моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа «Семей Водоканал» мекемесіне талап арызбен жүгіне келе, өзінің кәмелетке толмаған баласы стадионнан қайтып келе жатқанда, ашық кәріз құдығына түсіп, соның салдарынан дене жарақаттарын алып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілгенін көрсеткен.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 917-бабының, 1-тармағына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттерімен немесе әрекетсiздiкпен келтiрiлген мүлiктiк немесе мүлiктiк емес зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс.

Сот шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылды. «Семей Водоканал» МКК-нан талапкердің пайдасына дәрі-дәрмекке шығындалған  455 теңге материалдық зиян және 150 000 теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі